Uluslararası Türk Dünyası Eğitim bilimleri kongresi II
16-18.11.2022ж. күндер аралығында Түркия мемлекеті, Анкара қаласы, Гази университетінде Uluslararası Türk Dünyası Eğitim bilimleri kongresi II өткізіп жатыр.
Аталған конгресске түркі тілдес мемлекеттерден Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұрт, Тәжікістан, Татарстан т.б. елдерден профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, докторанттар, магистранттар қатысуда.
Конгресс делегаттары құрамында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтының ғалымдары Айгуль Курманбекова, Ботабаева Әдемі, Рахат Сайлаубекқызы Елубаева өз баяндамаларымен қатысуда.
Жиынның алғашқы күні секциялық отырыста Әдемі Еркебайқызы "Қазақстандағы жоғарғы білім беру жүйесі" тақырыбында баяндама жасады.