COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Сервистік мемлекет құру

Сервистік мемлекет құру

2021 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті арасындағы төрт жақты өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын.

Меморандумның мақсаты - тараптардың өзара мүдделерін білдіретін білім, ғылым, ортақ жобалар, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру саласында ынтымақтастықты дамыта отырып, тиісті деңгейдегі «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша мамандарды дайындау.

Аталған Меморандумның аясында ағымдағы жылдың 16- қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Л.Ілебаев Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша дәріс алып жатқан 4- курс студенттерімен олардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, қажетті дағдыларды жинақтауға ықпал ету мақсатында кездесу өткізді.

Спикер студенттерге Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сервистік мемлекет құру» моделі, Мемлекеттік басқарудың «Клиентке бағдарланған» жүйесін қалыптастыру, «Егемендік туралы декларация қабылдағаннан бүгінгі күнге дейінгі мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың даму кезеңдері» атты тақырыпта дәріс оқыды.

Спикер дәрістің соңында студенттерді толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, өзара пікір алмасты.