COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Идеальный город

Идеальный город

18.11.2022ж. күні «Педагогика» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы К.М.Тунгатарова «Орыс тілі» пәні бойынша «Идеальный город» тақырыбында, КИ-22-1, АЖ-22-1 топтарында ашық сабақ өткізді.

Оқытушы сабақтың мақсатын "Ежелгі мәдениет және ХХІ ғасыр" ұғымдарының өзара байланысын қарастыру екенін айтып өтіп, қысқаша тақырып бойынша анықтама берді.

Студенттер Арыстан баб, Бабаджа Хатун кесенелерін презентация арқылы түсіндіріп өтті. Әрі қарай оқытушы ежелгі мәдениет пен ХХІ ғасырды салыстырып әңгіме құрып, студенттердің білімін тексеру үшін, Kahoot бағдарламасы арқылы тест тапсырмаларын берді. Сонымен қатар, студенттермен кері байланыс орнатып яғни сөздік қорын толықтыра отырып, ал өзі сауатты сөйлеудің үлгісін берді.

Сабақ соңында, оқытушы студенттерге бүгінгі сабақта қандай жаңа және пайдалы ақпарат білдіңіз? Сіз өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз? Не қосқыңыз келеді? деген сұрақтар арқылы рефлексия жүргізді.

Ашық сабақты бағалауға «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы қатысып, пәннің оқу- әдістемелік жабдықталуына К.М.Тунгатарованың сабақ барысында ақпараттық технология, инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жоғары деген (141- 160 балл) баға берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Ботагоз Калдыбековна Жундибаева.