COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Ұлт рухының шырақшысы

Ұлт рухының шырақшысы

ХТИИ "Ақпараттық кітапхана орталығында" Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына арналған «Ұлт рухының шырақшысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Ұлт рухының шырақшысы» кітап көрмесіне М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы энциклопедиялар, материалдар, сондай-ақ кітапхана қорындағы автордың кітаптары қойылды. Көрме оқырманды М. Шахановтың «Бақыт» (1966), «Танакөз» (1970) «Сейхундария» (1974), «Махаббат қорғауы» (1978), «Нарынқұм трагедиясы» (1980), «Бақыт» «Отырар дастаны...» (1988) және т.б. шығармаларымен таныстырды. М.Шахановтың драмалық шығармалары негізінде «Шыңғыс ханның құпиясы» атты екі бөлімді телефильм шықты. Оның шығармалары әлемнің түкпір-түкпірінде жарық көріп, 40-тан астам тілге аударылған. Ақынның позиялық кештері Мәскеу (Ресей), Стокгольм (Швеция), Глазго, Эдинбург (Шотландия), Рене (Франция), Кобе (Жапония) қалаларында сәтті өтті.

Кітап көрмесінің мақсаты – қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау және таныстыру.