COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Ас қорыту жүйесі

Ас қорыту жүйесі

22.11. 2022 ж. күні «Жаратылыстану» факультеті, «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасының аға оқытушысы Бауыржан Жаңатілеу «Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәні бойынша «Ас қорыту жүйесі» тақырыбында Дш -20-15 тобына ашық сабақ өткізді.

Б.Жаңатілеу алдынғы дәріс тақырыбын пысықтау үшін студенттерге сұрақтар қойды, студенттер белсенді жауап берді. Оқытушы жаңа тақырыпты презентация бойынша түсіндіріп, сабақтың мақсатымен таныстыра отырып, ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы қысқаша түсінік берді. Ас қорыту мүшелерінің жұмысына сипаттама беріп, асқазан құрылысын және жұмысының реттелуін түсіндірді.

Студенттер жана материалды игеріп қана қоймай, өз білімдерін көрсетті. LearningApps.org интерактивті сайты арқылы сурет бойынша ас қорыту мүшелерінің атауларын аныктады. Оқытушы, жаңа тақырып бойынша бейнеролик қөрсетті. Оқытушы, студенттерге тақырып бойынша қосымша ақпарат алу үшін insert әдісімен үлестірме материал таратып, сабақ соңында, студенттерге рефлексия жүргізді: V білемін, «-» билмеймін, «+» мен үшін жаңа ақпарат, «?» мені таң қалдырды, сұрағым бар яғни осы белгілер арқылы парақшаға жазып оқытушыға өткізді.

Ашық сабақты бағалауға «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы қатысып, пәннің оқу- әдістемелік жабдықталуына Б.Жаңатілеудің сабақ барысында ақпараттық технология, инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жоғары деген (141- 160 балл) баға берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева.