COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Допты оң (сол) қолмен алып жүруді жетілдіру. Қозғалыста, допты серіктесіне кеудеден екі қолмен беруді жетілдіру. Допты алып жүріп сертпеге тастауды қолданып эстафета өткізу

Допты оң (сол) қолмен алып жүруді жетілдіру. Қозғалыста, допты серіктесіне кеудеден екі қолмен беруді жетілдіру. Допты алып жүріп сертпеге тастауды қолданып эстафета өткізу

24.11.2022 ж. күні «Шығармашылық мамандықтар» факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Д.Б.Жазыкбаев «Дене шынықтыру» пәні бойынша «Допты оң (сол) қолмен алып жүруді жетілдіру. Қозғалыста, допты серіктесіне кеудеден екі қолмен беруді жетілдіру. Допты алып жүріп сертпеге тастауды қолданып эстафета өткізу» тақырыбында, ДШ–22 - 9,11 топтарына ашық сабақ өткізді.

Д.Б.Жазыкбаев студенттерге баскетболдың шығу тарихы (ағылшын тіліне аударғанда basket –торқалта, ball – доп) туралы қысқаша айтып беріп яғни командалық спорт ойыны екенін деп түсіндірді.

Оқытушы студенттерге сабақтың тапсырмаларын түсіндіріп, денені қыздыруға арналған жаттығуларын жасатқызды. Әрі қарай студентерді екі командаға тең бөліп, доппен жүгірістегі арнайы жаттығуларды бастатқызды: допты жоғарыда екі қолмен жоғары ұстау, оң, сол аяқпен секіру, допты белден айналдыру, оң,сол иық жанымен баскетбол ойыншы тұрысымен жүгіру, допты алда ұстау, үш қадам жасап төртінші қадамда секіру, допты аяқтың арасымен өткізу және т.б. Сабақ соңында, оқытушы тақырып бойынша қорытынды жасап, жаттығулардың орындалуы бойынша студенттерді бағалады.

Ашық сабақты бағалауға «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы қатысып, пәннің оқу-әдістемелік жабдықталуына Д.Б.Жазыкбаевтын сабақ барысында студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жаксы деген (111- 139 балл) баға берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева.