COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Ақиқаттың ақыны-Мұхтар Шаханов

Ақиқаттың ақыны-Мұхтар Шаханов

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
2022 жылдың 28-шы қараша күні сағат 14:00-де Ақпараттық-кітапханалық орталығы № 2 оқу залында Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуына орай «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасымен, Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ҚТ 20-1 тобымен бірлесе отырып
«Ақиқаттың ақыны-Мұхтар Шаханов» атты әдеби-сазды іс-шара өтті.
Іс-шара мақсаты- адамгершілік, рухани қасиеттерді жастардың бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау.
Іс- шара барысында экраннан Мұхтар Шахановтың өмір жолы мен қызметі жайлы қысқаша слайдтар көрсетілді.
Дүние жүзінің қырықтан астам тіліне аударылған Шаханов шығармаларын қазақ халқының бірнеше ұрпағы жаттап өскендігі жайлы сөз етілді.

Шаханов шығармаларының ерекшелігі- өлеңдерінің ішкі мазмұны. Табиғатынан суреткерлігі басым ақын заманды, тарих пен тағдырды баяндайды.
Ол өз шығармаларында туған жер, ата-баба дәстүрі жайлы сыр шертеді.
Мұхтар Шаханов поэзиясы-бұл адамгершілік, намыс, рухты оятатын поэзия.
Келесі оқылатын өлеңдердің үзіндісі осының куәсі. Студенттер ақын шығармаларынан үзінділер оқып, Шахановтың өлеңдеріне жазылған Шәмшінің сырлы әндерін шырқады.