COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Жайдарман ойындарының ширек финалы

Жайдарман ойындарының ширек финалы

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты Жайдарман құрамасы Шу аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен Жайдарман ойындарының ширек финалына қатысып қайтты.

Ширек финалға Алматы, Тараз қаласы мен Шу, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарының командалары қатысты. Жалпы ойынға 12 команда қатысып, жартылай финалға 8 команда жолдама алды. Институт намысын қорғап барған 3 команданың екеуі жартылай финалға жолдама алды.

Ойын қорытындысы бойынша институт студенті Айназ Адамбаева «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.

Жайдарман ойынының аясында «QAZAQSTAN DAUIRI» газетінің, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас директоры, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, «ЕлАна» қоғамдық-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық сайтының Бас редакторы, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі Сәуле Мешітбайқызымен және Шу ауданының әкімі Сәкен Қаланұлымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде КВН жайдарман ойындарының өзекті әрі өткір мәселелері ортаға салынды.