Ашық есік күні
Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Экономика және бизнес" факультетіне қарасты "Қаржы", "Есеп және аудит", "Экономика" және "Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасының студенттері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер департаментінің "Ашық есік күніне" барып қайтты.
Іс-шараның мақсаты - мекеменің жұмысымен таныстыру арқылы насихаттау және болашақ қызметкерлерге жұмыстың қыр-сырларын көрсету. Кездесу барысында мемлекеттік мекеменің тұрмыс тіршілігімен, жұмыс барысымен танысып, керекті мағлұматтар алды. Студенттер кездесу барысында өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын тәжірибелі мамандарға қоя отырып, толық жауаптарын алды.