COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Ландшафт дизайнының стильдері

Ландшафт дизайнының стильдері

Бүгін, 08.12.2022 ж. күні «Шығармашылық мамандықтар» факультеті, «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасының аға оқытушысы А.А.Купелдеева «Үй мәдениеті және тамақтану» пәні бойынша «Ландшафт дизайнының стильдері» тақырыбында КО-19-1 тобына ашық сабақ өткізді.

А.А.Купелдеева өткен тақырып бойынша студенттерге сұрақтар қойды, жана практикалық сабақтың мақсатын күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімді жалпылау екенін түсіндірді.Әрі қарай ландшафт стильдері, кантри, классикалық стиль, хайтек, этникалық стиль түрлеріне тоқталып өтті.

Үй тапсырмасын студенттер презентация арқылы орындады.Сонымен қатар, жақсарту, өзгерту идеяларын қолдана отырып түрлі интерьерлер ойлап тапты. Оқытушы студенттерді сергіту мақсатында институттың «Қысқы бағында» ландшафт эскизіне түрлі мысалдар көрсетті.

‼️Ш.Мұртаза атындағы «Қысқы бақ» кешенінің ашылу салтанаты 06.06.2022ж облыс көлемінде өткізілген болатын. Жалпы ауданы 80 ш/м жуық «Микроклимат» жүйесінің бірегей қондырғысы бар кешенде әлемнің түкпір-түкпірінде кездесетін экзотикалық өсімдіктердің 110 түрінің 480-і отырғызылған.

Ашық сабақты бағалауға «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы қатысып, пәннің оқу- әдістемелік жабдықталуына А.А.Купелдеева сабақ барысында инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жақсы деген (111-139 балл) баға берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Ботагоз Калдыбековна Жундибаева.