COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.

Жоғары палата төрағасы мен кездесуде Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты президенті Ерболат Саурыков сөз сөйлеп, нақты ұсыныстар жасады.

Қазіргі кездегі негізгі мәселелердің бірі – ауыл мектептеріндегі интернет күшінің өте әлсіздігі /4-5 Мбит/. Бұл жоқтың қасы. Ешқандай сын көтермейтін мәселе.

Ауылдар мен ауылдық округтердегі және мектептеріндегі кадрлардың жыл сайын азаюы. Яғни, жастардың ауылға тұрақтамауы /ветеринарлар, орман шаруашылығы мамандары, агроном, ағылшын, орыс тілі және математика, физика, информатика мамандарының жоқтығы/

Жастар мәселесі. Ауыл мектептерін бітірген білімді жастардың қалаға ЖОО кетіп, қайта оралмауы. Оларды ауылда қалдыруға байланысты бағдарламалардың әлсіздігі /тұрақты жұмыстың жоқтығы, арнайы штаттардың болмауы және мемлекеттік қолдаудың аздығы/

«Серпін» бағдарламасы тәрізді ауыл мектебін бітірушілерге арналған әлеуметтік жобаны жасау қажет. Ауыл-аймақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына осы жобаны енгізуді қолға алу керек. Яғни, техникалық, ауылшаруашылығы мамандықтарына 50 баллдан, медициналық мамандықтарға 70 баллдан, педагогикалық мамандықтарға 75 баллдан асқан оқушыларға білім гранттарын тағайындау мәселесін шешу.

Ауыл жастарына жеңілдетілген білім гранттарын орналастыру арқылы «Дипломмен ауылға» жобасын түбегейлі шешеміз. Бөлінетін қаржы ауылдық немесе аудандық әкімшіліктердің бюджеті арқылы жүзеге асу керек. Республикалық білім гранттары қаржысының едәуір көлемін облыстарға беру қажеттілігін жасау керек.