ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ
Бүгін Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты HUAWEI ақпараттық және желілік технологиялар Академиясының партнеры атанды.
HUAWEI Академиясы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытында, жоғары сапалы мамандарды дайындаудың заманауи платформасы. Бұл білім беру материалдық-техникалық ресурс бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін тұғырнама болады.
HUAWEI Академиясы жаңа технологияларды меңгеруге, HUAWEI e-learning оқу ресурстарына, программалық құралдарға қолжеткізуге, студенттерге ерекше білім беру бағдарламаларын ұсынуға, оқытушылар және студенттерді оқытуға және сертификаттауға, сондай-ақ, бітіруші студенттерді жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.
Институтымыздың заманауи технологиялық проектілерді іске асырудағы жұмыстарына сәттілік!