«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ» МАМАНДЫҒЫНА ДУАЛДЫ БІЛІМ БЕРУ
Институтымызда «Шығармашылық мамандықтар» факультеті «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының ұйымдастыруымен «Шығармашылық мамандықтарды дуальды оқытудың заманауи технологиялары» тақырыбындағы семинар өткізді.
Семинарға Тараз қаласындағы 10 мектебінен 12 мұғалім және «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушылары қатысты.
Жалпы конференцияның мақсаты: Білім беру жүйесін дуальды оқытудың заманауи технологияларын жаңғыртудағы дене шынықтыру және спорт мамандарының теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту.
Алғашқы семинар «Білім беру үрдісінде дуальды оқыту жүйесінің тиімділігі» тақырыбында «ДШС» кафедрасының аға оқытушысы Тлекова Г. өз слайдын көрсетті. Келесі баяндама Ш.Смаханұлы атындағы № 44 орта мектебінің мұғалімі Абашев Калилулла «Дуальды оқыту жүйесінің тиімділігі» тақырыбында оқылды. И.Панфилов атындағы № 39 мектеп-гимназиясының мұғалімі Қандыбаев Д. және Керимбай атындағы № 12 мектеп-гимназиясының мұғалімі Айтуов М. сөз алды. Арада пікір-талас, ұсыныстар талқыланды.
Бұл семинарға арнайы мамандар Сексенбаева Жанар және Дуалды білім берудің мақсат-міндеттерін Бақыт Жайлауқызы өз ойларымен сабақтың өту барысын толық таныстырып берді.
Имашева Э. № 36 орта мектебінің мұғалімі және Тустыкбаев М. Т.Рысқұлов атындағы № 48 орта мектебінің мұғалімі Дуальды оқытудың заманауи технологияларын жаңғыртудағы «Дене шынықтыру және спорт» мамандарының теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту барысында көп жетістікке жететінімізді талқыға салды. Ал № 35 орта мектебінің мұғалімі Аяганова Айгуль және Салабекова Гульмира № 3 мектеп-лицей мұғалімі Білім беру үрдісінде дуальды оқыту жүйесінің тиімділігі, атқарылатын іс-шаралар төңірегінде баяндамаларын ортаға салды.
Семинар барысында кофе-брейк беріліп, келген қонақтарға факультет атынан алғыс хаттар тапсырылды.