COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Түлектермен кездесу

Түлектермен кездесу

31.01.2023ж. күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Студенттермен бітірушілердің мансаптық өсу» секторы Түлектер ассоциациясы мен Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен институтымыздың мақтаныштары Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Бүкіл Әлемдік WSB тұжырымы бойынша Екі дүркін Әлем чемпионы, «Елорда кубогі» турнирінің жеңімпазы Асланбек Шымбергенов пен Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Бекбауов Дулатпен студент жастарымыздың кездесуі өтті.

Кездесу барысында түлектеріміз студенттердің сауалдарына жауап беру барысында жастарымызға ешкімнен жасқанбайтын батыл болуды, бойындағы жалқаулық сияқты жағымсыз қылықтардан арылып, жетістікке жету жолында аянбай тер төгіп еңбектенудің маңызы туралы ойларымен бөлісті. Студенттік шақтарындағы қызықтарымен бөліскен қонақтарымыз әрдайым білім алған оқу ордасымен байланыста екендерін білдірді.

Басқосудың соңында мақтаныш түлектерімізге естелікке сый сияпаттар табыс етілді. Студент жастарымыз спортшыларымызға Әлемдік ареналарда көк тумызды көкке желбіретіп тек жеңіс тұғырынан көріне берулеріне ізгі тілектерін білдірді.