COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / БІЛІКТІ ҰСТАЗ ДАЯРЛАУ – ЖАУАПТЫ МІНДЕТ

БІЛІКТІ ҰСТАЗ ДАЯРЛАУ – ЖАУАПТЫ МІНДЕТ

Бүгін 1- ақпан күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Жаратылыстану" факультеті, «Тарих және география» кафедрасының бастамасымен «БІЛІКТІ ҰСТАЗ ДАЯРЛАУ – ЖАУАПТЫ МІНДЕТ» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелді институттың академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Ақмарал Сатбекқызы жүргізіп, академиялық саясат басқармасының бастығы Тастанбекова Қарлығаш Нышанбайқызы жұмыс оқу жоспарының басты бағыттары мен басшылыққа алынған талаптармен таныстырды. Шараға облыс және қала бойынша орта мектептер мен колледждердің басшылары, пән мұғалімдері қатысып, ой бөлісті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты «Тарих», «География» білім беру бағдарламаларының жұмыс оқу жоспарын талқылап, жұмыс берушілердің пікір-ұсыныстары мен көзқарастарын айқындап, өзгерістер енгізу, еңбек нарығындағы сұраныстарын арттыру болып отыр. Дөңгелек үстел еркін сұхбат түрінде жалғасты. Қонақтар мен қатысушылар жалпы білім беру, жаңартылған білім мазмұны, жоғары кәсіби мамандар даярлау мәселелері бойынша өз пікірлерін білдіріп, ортақ ұсыныстарын жеткізді.

Дөңгелек үстелді қорытындылаған Ж.Мырзабеков бұл шараның «Тарих», «География» білім беру бағдарламаларының даму бағыттарын айқындау мен аймақтық сұранысын арттыруда өте маңызды екендігін атап айтты. Шара соңында институт басшылығы тарапынан қонақтарға ортақ әріптестік байланыстар мен жалпы белсенділігі үшін алғыс хаттар табыстады.