COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам

Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам

Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институтында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының аясында «Жоғары оқу орны, мектеп, колледж жүйесінде білім берудің сабақтастығы мен өзекті мәселелері» –тақырыбында облыстық семинар өтті.
Шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ғалымдары мен оқытушылары; Тараз инновациялық көпсалалы колледжі; Тараз сервис және технологиялар колледжі», облыс, қала мектеп-гимназияларының оқытушылары қатысты.
Семинар барысында білім берудің сабақтастығы мен өзекті мәселелеріне талдау жасалып, баяндама оқыған және пікір алмасуға, жарыс сөзге белсене қатысқандарға алғыс хат табысталды.