COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Т.Жүргенов мұрасына жаңаша көзқарас

Т.Жүргенов мұрасына жаңаша көзқарас

2-наурыз күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен халықтың ардақты ұлы, мемлекет қайраткері Т.Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойы аясында «Т.Жүргенов мұрасына жаңаша көзқарас» тақырыбында сыр-сұхбат өткізілді.

Сыр-сұхбатқа ғалымдар, кафедра оқытушылары мен шерхантанушы студенттер, оқушылар қатысты. Шара барысында өнер сүйген, ұлттық өнер үшін басы қауіпке тігілген қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығы туралы мол мағлұматтар беріліп, сұрақ-жауап ойынына жалғасты. Қатысушылар өздерінің бүгінгі күн тұрғысынан ой-пікірлерін білдірді. Сыр-сұхбат мазмұны жалпы Темірбек Жүргеновтей тұлғалар шығармашылығын таныту – жаңа Қазақстанның жаңа ұрпағы үшін өте өнеге мектебі екендігіне ойысты.

Кездесу барысында сөз алған ғалымдар, орталық директоры Қаракөз Өмірзаққызы Темірбек Жүргеновтің мерейтойы республикалық деңгейде ұйымдастырылып жатқандығына тоқталып, жаңаша көзқарас тұрғысынан талдап берді.

Басқосу өте әсерлі өтті. Соңында осындай ұлы тұлға шығармашылығы бойынша сұрақ-жауап ойынына белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар тапсырылды.