"Оқу тәрбиелік" және "Педагогикалық" практика
10.03.2023ж. күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты “Педагогика” факультеті “Жалпы педагогика” кафедрасына қарасты 6В01101- “Педагогика және психология”, 6В01201- “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”, 6В01301- “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламарының 3 курс студенттерімен "Оқу тәрбиелік" және "Педагогикалық" практикасының келу конференциясын өткізді.
Барлық студенттер бұйрықпен бөлінген колледж, қалалық мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне, барды. Барлық студенттер практика барысында бақылау жүргізіп, ашық сабақ және тәрбие сағаттарын жүргізді. Конференцияға кафедра меңгерушісі Елубаева Р.С., аға оқытушылар: Фатикова Н.А., Ажибаева Р.Е., Абаева А.К., оқытушылар: Пірәлі Ф.Е., Момбекова С.Б., Сманова У.К., Рзатай А.Қ., Сарсенова Ж.Б., қатысты.