COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Көрісу күні құтты болсын!

Көрісу күні құтты болсын!

Бүгін қазақ халқының ежелден келе жатқан мерекесі - көрісу күні.
Ата-бабамыз, алты ай қыстан аман-есен шығып, көктемге иек артқан шақта - ағайынды іздеп барып, амандық сұрасқан.

Көрісу күнінде бұрын-соңды бір-біріне өкпе-назы бар ағайын-туыс араздастықты жойып, татуласып, табысады. Төс қағыстырып, мал-жанның амандығын сұрасып, қыстан аман-есен шыққандарына тәубе келтіреді, жасы кішілер ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге барып, көріседі.

Бұл күні «Бір жасыңмен! Жас қайырлы болсын, өмір жасың ұзақ болсын!» деп ерекше мейіріммен ақсақалдар батасын береді. Осы күні әр үйде дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылып, адамдар бір-бірімен құшақ жая амандасып, есендік сұрасады. Көңілде өкпе-реніштері болса, кешіреді.

Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы - Көрісу күні құтты болсын!