Ветеринарлық медицина мамандары даярлануда
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында еңбек нарығына қажетті және жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде жасақталған қажетті білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлануда. Солардың бірі 6В09102 - Ветеринарлық медицина (маман, оқу мерзімі 5 жыл) білім беру бағдарламасы даярлауда.
2022-2023 оқу жылында ашылған 6В09102 – «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасы аймақтың ауылшаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылық жəне жануартекті шикізатқа жəне өсімдік текті өнімдерге ветеринарлық-медициналық сараптау жүргізу, мал ауруын емдеу және алдын алу бойынша көмек көрсету салаларындағы мамандарға деген қажеттілікті қамтамасыз етеді (ҰБТ шекті бал 60: таңдау пәні биология-химия).
Білім беру бағдарламасына білікті де тәжірибелі Профессор-оқытушылар құрамы дәріс өткізеді. Институтта студенттердің білім алуына толық жағдай жасалған: зертханалық кабинеттер, компьютерлік класстар, кітапханалар және соңғы үлгімен жабдықталған жатақханамен қамтамасыз етілген.