ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ
2023 жылдың 4 сәуір күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы Ғылым күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Педагогика» факультетінің студенттер арасында «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ» атты тақырыпта факультет көлемінде ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияға «Педагогика» факультетінің деканы, п.ғ.к. Ботабаева Әдемі Еркебайқызы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Беркенова Рабиға Ағабекқызы, кафедра доценті, ф.ғ.к. Пертаева Эльмира Құлибайқызы, Ғылыми жұмыстар және Халықаралық байланыстар басқармасының ғылыми жұмыстар бойынша үйлестірушісі Ниязова Палли Рашидқызы, кафедра профессор-оқытушылар құрамы және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының білім беру бағдарламасының 1, 2, 3 курс студенттері қатысты. Студенттік конференцияны «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Бекбау Жанерке және ф.ғ.к. Пертаева Эльмира Құлибайқызы жүргізді. Конференцияға 25 студент қатысты.
Конференция соңында жүлделі орын алған студенттер дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.