Ғылыми - практикалық конференция
Ш.Муртаза атындағы ХТИИ-ның Заң факультетінің ұйымдастыруымен 12-СӘУІР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СТУДЕНТТЕРДІҢ ғылыми-практикалық конференциясының ғылыми апталығы өткізілді.
Ғылыми апталықтың мақсаты: ғылымның құндылығын дәріптеу және жастар арасында ғылым мен білімге құштарлықты нығайту. Конференцияға қатысушылар: Жамбыл облысы ПД Жедел криминалистика басқармасының бастығы және қызметкерлері, М.Х.Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің профессор оқытушылар құрамы, Жамбыл облысы бойынша медиаторлар кеңесінің төрағасы, Жамбыл облысы адвокаттар алқасының адвокаты, Мемлекеттік сот орындаушысы, ХТИИ-ның Заң факультетінің профессор-оқытушылар құрамы және студенттер.
Мазмұнды және қызықты тақырыптар талқыланды.Жастарға өте мәнді баяндамалар мен мақалалар оқылып, өзара пікір алмасу және ұсыныстар жасалды.