COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / «Сыршыл ақынға» арналған поэзия кеші

«Сыршыл ақынға» арналған поэзия кеші

Сәуір айының 20-күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен лирик ақын М.Жұмабайұлының 130 жылдық мерейтойына арналған «Мағжанның сыршыл поэзиясы» атты поэзия кеші өтті.

Алғаш сөз кезегін ф.ғ.к., Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессоры, ҚР Жазушылар, Журналистер Одағының мүшесі М.Әбілұлы «Мағжанның жырға толы өмірі» баяндамасымен алды. Сонымен қатар, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Мәдиева Інжу Маржан мен Сапарғали Бағдат «Мағжан әлеміне саяхат» жасады.

Осыдан соң студенттер Мағжан өлеңдерінен үзінділер оқып, поэзия әлеміне саяхаттап, Мағжанның ақындық өнерімен қуаттанды.
Студенттерге Мағжанның өмірі мен шығармашылығына байланысты викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Кеш соңында «Мағжанның сыршыл поэзиясы» атты облыстық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Мағжан артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен. Жарты ғасырдан аса оның есімін де, шығармаларын да атай алмай келген халқы, көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынмен сағына қауышқан. Небәрі 44 жыл ғұмыр кешкен Мағжан Жұмабаев өзі өмірден өтсе де артына өлмес мұрасын қалдырды. Рухани кеш студент жастарды ерекше сезімдерге бөлеп, үлкен әсер қалдырды.

«Мағжанның сыршыл поэзиясы» атты поэзия кешінің қорытындысы

1 орын - Сатыбалды Алуа, Жамбыл ауданы, Ә.Тарази атындағы тірек мектебі, 6 сынып;

2 орын – Мадиева Інжу Маржан, Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ ҚТ-21 тобының 2 курс студенті;
2 орын – Бақов Ерзат, Тараз қ., №47 орта мектептің 9 сынып.

3 орын – Ералиева Болған, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы;
3 орын – Нұрланбек Шынар, Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ;
3 орын – Сыдықова Шолпан, Қосақ негізгі мектебі, 9 сынып.