COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Түркі фразеологиясы: зерттелуі, ғылыми-теориялық методологиясы және болашағы

Түркі фразеологиясы: зерттелуі, ғылыми-теориялық методологиясы және болашағы

24-27 Сәуір күндері аралығында Түркия Республикасы, Стамбул қаласы, Стамбул университетінде "Фараби Еуразиялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру орталығының" ұйымдастыруымен белгілі ғалым, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
филология факультеті жалпы тіл білім және еуропа тілдері кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы
Авакова Раушангүл Амирдиновнаның 60 жылдық мерейтойына орай "Түркі фразеологиясы: зерттелуі, ғылыми-теориялық методологиясы және болашағы" атты халықаралық конференциясы өтуде.

Аталған конференцияға Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының "Тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Гульшат Камбарбековна, ЭДС жетекшісі Қазжанов Ғ.Т. қатысып, баяндама жасады.

Конференция жұмысына Стамбул университетінің ректоры, доктор, профессор Махмут Ақ сәттілік тіледі. Өз кезегінде ХТИИ проректоры Г.Қамбарбекқызы Стамбул университетінің ректоры Махмут Ақтың қабылдауында болып, институтымыздың тыныс-тіршілігімен таныстырып, Стамбул университетінің базасымен танысты.