COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ХТИИ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

ХТИИ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

Бүгін барлық қазақстандықтар мамыр мерекелері және Жеңіс күніне орай жалпыұлттық патриоттық диктант жазды. Аталған іс-шараға ХТИИ ұжымы да атсалысты. 141 сөзден тұратын мәтінді жазуға 40 минут уақыт берілді.

Жалпыұлттық диктант бүкіл ел бойынша бір уақытта басталды. Республикалық патриоттық диктанттың негізгі тақырыбы «Еркін ел ұрпағы» деп аталды. Онда қазақ елінің басты құндылығы – Тәуелсіздік дәріптеліп, ұрпаққа мирас болып қалған киелі жерлер жайында айтылады. Сонымен қатар қазіргі таңдағы тілдерді жетік меңгерген, білімді, заманауи жастармен ел болашағының жарқын екендігі баяндалады.

Шараның мақсаты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеуге арналды.

Айта кетейік, диктант қазақ тілінде жазылды. Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмады.