COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Ұлы дала өркениеті

Ұлы дала өркениеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты ұйымдастыруымен 2023 жылғы 6-13 мамыр күндері аралығында «Ұлы дала өркениеті» атты II-ші халықаралық суретшілер симпозиумы бастау алды.

Бүгін «Ұлы дала өркениеті» атты II Халықаралық суретшілер симпозиумының ашылуы «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешені Көркемсурет галереясында өз жұмысын бастады.

Симпозиумның мақсаты:

Жамбыл облысының өлкесін, Тараз қаласын, оның көрікті жерлерін шетелдік суретшілердің көзімен көру, пайымдау. Бейнелеу өнері арқылы халықтар арасындағы достықты, мәдени және рухани байланыстарды нығайту.

Мәдениет және өнер саласындағы, әсіресе бейнелеу өнеріне құштар студенттерге, оқушыларға үлгі-өнеге ретінде олардың эстетикалық тәрбиедегі шығармашылық қабілеттерінің дамуына барынша оң әсер ету.

"Ұлы Дала өркениеті" тақырыбындағы II-ші Халықаралық суретшілер симпозиумына Ресей, Латвия, Оңтүстік Корея, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан,Словакия және біздің қазақстандық суретшілер қатысуда.

Сонымен қатар, Институт ұстазы, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Сихаев Айдархан Әшімханұлының абстракциялық живопись, авангардизм, перформанс, акционизм, видео-арт, инсталляция, поп-арт үлгісіндегі «Руханилық, принцип және ұстаным» тақырыбына арналған жеке көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды.