COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2023 жылдың 11-12 мамыр күндері аралығында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты базасында "Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқын алдын алудағы пәнаралық көзқарас: мәселелер, қиындықтар және заманауи шешімдер" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде.

Конференция мақсаты – жасөспірімердің суицидтік мінез-құлқының теориялық және практикалық аспектілері бойынша сындарлы пікірталас ұйымдастыру және ғылыми-практикалық ұсыныстар әзірлеу.

Іс-шара «Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқын психологиялық профильдеу және түзету жүйесін ұйымдастыру» атты ғылыми жобасы аясында іске асуда.

Конференцияға қатысушылар үшін ертең 12 мамыр күні "Дағдарыс жағдайыдағы жасөспірімдерге кеңес беру" шебер-сыныптары өткізіледі (псх.ғ.д., профессор Слободчиков И.М.), "Жасөспірімдердің өміршеңдігі мен ассертивті мінез-құлқын дамыту" (п. ғ. д., профессоры Приступа Е. А.), "Суицидтік мінез-құлықты түзетудегі гипнотерапия" (псх.ғ.д., профессор Болеев Т.К.).