Отбасы - тәрбие ұясы
15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Педагогика" факультеті, "Жалпы педагогика" кафедрасына қарасты БОПӘ-20-1,3, ПЖП-20-1, МДОТ-20-1 топтарымен "Отбасы - тәрбие ұясы" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына кафедра меңгерушісі: Елубаева Р.С., аға оқытушылар: Назипа Фатихова, Роза Ажибаева, Абаева А.К., оқытушылар: Момбекова С.Б., Сәрсенов Ж.Б. қатысты.