COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / XII Универсиада мәресіне жетті

XII Универсиада мәресіне жетті

Сонымен 1 айға жуық Ақтау қаласында Yessenov University -дің ұйымдастыруымен өткен XII Универсиада мәресіне жетті, келесі кездесу киелі Әулиеата жерінде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өтеді. Универсиада туы салтанатты түрде табысталды.

Универсиаданың соңғы күндері Ғылым және жоғары білім министрі Sayasat Nurbek Ақтау қаласына іссапармен келіп, қатысушы жастарға жеңісті күндер тіледі: «Универсиада қазақстандық жоғары оқу орындарының мыңдаған жас студент-спортшыларын біріктірді. Бұл еліміздің спорттық өміріндегі маңызды іс-шаралардың бірі. Универсиадада сәтті өнер көрсету сізге Қытайдағы Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға және күзде Түркістанда өтетін Түркі Универсиадасына қатысуға мүмкіндік береді» - деді.

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты студенттері 60 команданың ішінен топ 20 енді. 3 алтын, 1 қола медаль алған ХТИИ құрамасы осылайша жиырмасыншы орынға табан тіреді. Қазақстандағы ең жас оқу ордамыз үшін бұл үлкен жетістік!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Біз жастарға сенеміз. Жеңісті күндер көп болсын...