COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛОРДА

ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛОРДА

Құрметті Отандастар!

Баршаңызды еліміздің бас қаласы – Астана қаласының күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі таңда елдің төрі – Елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірліктің, жаңа бастамалар мен қарқынды дамудың, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің негізгі тетігіне айналды.

Сарыарқа төсінде қоныс тепкен алып шаһарда әлем елдерінің назарын аударған тарихи маңызы зор шешімдерді қабылданып, елдің мақтанышына айналған әлемнің үздік зәулім ғимараттары жүрегімізді тебірентеді, мерейімізді тасытады. Елорданың заманауи келбетіне шетелдік қонақтар таңданыспен қарауда. Астана ТМД бойынша ең қолайлы, ғажайып қала ретінде танылды. Бұл біздің ортақ жетістігіміз.

Күн санап көркіне көрік қосатын бас қаламыздың мерекесінде Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін.

Елорда күні құтты болсын!

Құрметпен, ректор Марат Баяндин