COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Пилотсыз ұшатын аппараттардың көмегімен өрттің орнын анықтау жобасы талқыланды

Пилотсыз ұшатын аппараттардың көмегімен өрттің орнын анықтау жобасы талқыланды

24.07.2023ж. күні Павлодар облысы әкімдігінде пилотсыз ұшатын аппараттардың көмегімен өрттің орнын анықтау жобасы талқыланды.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов дрондардың көмегімен орман және дала алқаптарындағы өрт ошақтарын жедел анықтау жобасын ұсынған Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты өкілдерімен кездесті.

Мұндай жоба біздің өңір үшін өзекті. Облыстағы 9 ауданның аумағынан мемлекеттік орман қорының жерлері өтеді, онда биыл 40 табиғи өрт тіркелген. Өрт ошақтарының аумағын жедел анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін жағдайға талдау жасау - біздің тілсіз жаумен күрестегі басты міндетіміз, - деді кездесуде әкім.

Мамандардың пікірінше, басқарылатын авиацияны пайдалану өрт ошақтарын жылдам табуға мүмкіндік береді. Дрондар дәстүрлі әдістерді қолдану қиындық туғызатын жерлерге тез жете алады.

Кездесудің қорытындысы бойынша өңір басшысы мемлекеттік қор аумағында пилотсыз ұшатын аппараттарды қолдану жұмыстарын ұйымдастыруды талдау үшін институт өкілдерін облыстық орман шаруашылықтарына апаруды тапсырды.