Балық шаруашылығы мен балық аулау саласы
Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты конференц-залында Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, балық шаруашылығы мен балық аулау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және жариялау үшін іс-шара өткізілді.
Пайдаланылатын су айдындарын балықтандыру, балық өсіру қызметін жүзеге асыру кезінде есепті құжаттаманы жүргізу, дайындау және тапсыру, сондай-ақ көл-тауарлық балық өсіру шаруашылықтары жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері қозғалды.
Жиынға қатысушыларға Қазақстан су айдындарында браконьерлікпен күреске жұртшылықты тарту мақсатында 2021 жылы құрылған балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерін біріктіретін алғашқы цифрлық платформа ұсынылды. Платформада балықшыларға арналған мобильді қосымша, қорықшыларға арналған мобильді қосымша, портал бар.