COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ҚЫТАЙДАҒЫ УНИВЕРСИАДАДА ЕЛІМІЗДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ КӨТЕРІЛДІ

ҚЫТАЙДАҒЫ УНИВЕРСИАДАДА ЕЛІМІЗДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ КӨТЕРІЛДІ

Спортшылар қалашығында ХХХІ Дүниежүзілік жазғы студенттік ойындардың Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

Байрақты бәсекеге еліміздің атынан қатысатын спортшыларға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арнайы бейне үндеу жолдап, қолдау көрсетті.

«Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – мемлекеттің ең қымбат байлығы, асыл қазынасы. Жастарымыздың білім алумен қатар, олардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау – біздің министрліктің басты міндеттерінің бірі. Талантты студенттерімізді республикалық және халықаралық деңгейдегі байрақты бәсекелерге қатысуға барлық мүмкіндіктер қарастырылып келеді», – деді министр.

Сондай-ақ, ведомство басшысы спорттағы сәттілік тек еңбекпен және қажырлы күш-жігермен келетінін атап өтіп, жарысқа қатысушылар байрақты бәсекеде еліміздің даңқын шығаратынына сенім білдірді.

Айта кетейік, 27 шілдеде Қытайдың Сычуань провинциясының Чэнду қаласында XXXI Дүниежүзілік жазғы студенттік ойындар басталды. Спорттық шара 8 тамызға дейін жалғасады. Сайыста ел құрамасындағы 93 студент спорттың 11 түрі бойынша бақ сынамақ.