ҚР Конституциясы - жаңару мен жаңғыру жолдары
Бүгін 29 тамыз 2023 жылы ҚР Конституция күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Заң" факультетінің ұйымдастыруымен «ҚР Конституциясы - жаңару мен жаңғыру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Іс-шараға «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкерлері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, «Конституциялық және азаматтық құқық» кафедрасы, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Бизнес және құқық» кафедрасы, Жамбыл облысы Әділет департаменті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Экономика және құқық» факультеті «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының магистрлері мен оқытушылары және Шерхан Мұртазы атындағы ХТИИ-дың "Заң" факультетінің профессор оқытушылар құрамы қатысты.
Спикерлер өз баяндамаларын оқып дөңгелек үстелдің қорытындысы жасалды, ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізілетін болады.