COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Білім күніне арналған салтанатты жиын

Білім күніне арналған салтанатты жиын

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Шерхан Аллеясында" 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.

Мерекелік шара Ш.Мұртазаның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, институт ректоры Марат Баяндин алғы сөзімен ашып, институт профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді, бірінші курс студенттерін және келген қонақтарды Білім күні мерекесімен құттықтады.

ХТИИ ұжымы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыра отырып, студенттер контингентін сапалы қалыптастыруға үлкен мән беруде. Соңғы жылдары институт әкімшілігі оқу үрдісінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға зор көңіл бөлуде.

Студенттерге Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғылым докторлары мен кандидаттары, PhD докторлар мен магистранттар, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленген профессор-оқытушылар құрамы сапалы білім беруде.

Студенттерге оқу үрдісінде қазіргі уақыт талабына сай жабдықталған оқу залдары мен компьютерлік кластар, редакциялық баспа орталығы, зертханалар, ғылыми кітапхана, Агробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығы, «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы, "Ветеринария және мал шаруашылығы" ғылыми-зерттеу орталығы, Аквакультура Ғылыми-Зерттеу Орталығы және т.б. қызмет етеді.

Білім, ғылым, өнер, спорттағы жоғары жетістіктерге жеткен талантты, ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған студенттерге "ХТИИ - ДЫҢ 100 ГРАНТЫ" салтанатты түрде табысталды.

I курс студенттері салтанатты түрде ант қабылдап, студенттерге Білім кілті мен Студенттік билет тапсырылды.