COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Ашықтық

Ашықтық

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының өзі Қазақстан экономикасын дамытудың негізгі бағыттарын айқындады. Оның республикалық және жергілікті бюджеттің игерілуі мен мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі "ашықтық" принципін басшылыққа алу бойынша берген тапсырмалары көңілге қонымды болғандай. Сонымен қатар ақша-кредиттік саясаты бойынша пайыздық мөлшерлемелерді қарастыру тұрғысында айтылған ойлары да орынды болды, себебі азаматтардың мәдени-тұрмыстық жағдайы мен әл-ауқаты көлеңкелі бизнес пен жасырынды инфляцияның кесірінен өз зардабын сезінуде. Осы тұрғыда экономикалық қатынастар жағдайында мемлекеттік табыстарды әділ бөлу қағидатын басшылыққа алу қажет екенін басып айтты.

Сондай-ақ, энергетика саласын дамытуда әділ тарифтік саясатты белгілеумен қатар кәсіпкерлікті дамытудың бір жолы ретінде бюджеттік тұрғыдан қаржыландыру арқылы "коммерциялизациялау" мүмкіндігін қарастыру тапсырылды. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында бағаны реттеу мәселесін шешу жолдары да қозғалды. Сондай-ақ азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға көңіл бөліп, мемлекеттік IPO процестеріне назар аударуды да атап өтті.
Бір сөзбен айтқанда еліміздің даму жолында Үкімет, бизнес және біз, мемлекетіміздің азаматтары бірігіп алдағы тұрған үлкен белестерді бірге бағындырып, экономикалық мәселелерді бірге шешуге тиіспіз. Ең бастысы айтылған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін біз Әділ Қазақстанды бірге құруымыз қажет екендігін ұмытпауымыз керек.

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Экономика және бизнес" факультетінің деканы Ж.Куатбеков