COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Дрондарды артиллерия, минометтердің танк мотоатқыштардың ату шабуыл кезінде оқтарын бағыттау

Дрондарды артиллерия, минометтердің танк мотоатқыштардың ату шабуыл кезінде оқтарын бағыттау

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты әскери профориентация және ұшқышсыз ұшатын әуе аппараттары - Дрондарды әскерде жауынгерлік оқ ату кезінде қолдану жобасы іске асқанын жазған болатынбыз.

Жобаның жауапты қызметкері "Шығармашылық мамандықтар" кафедрасының полковнигі Асилов Салханбек.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Оңтүстік Өңірлік әскери Қолбасшысы, генерал-майор Кучукбаев Мереке Матимовичпен келісіп және оның шақыруымен, ХТИИ президенті Нуржан Муслимов, ректор Марат Баяндин және Дрон группамыз Отар полигонында әскерлердің, танк, бмп, артиллерия, минометтердің, ЗСУ шилка оқ ату жаттығуында болды.

Жаттығу тақырыбы "Дрондарды артиллерия, минометтердің танк мотоатқыштардың ату шабуыл кезінде оқтарын бағыттау". Әуе барлауын жасау, координаттарды командирлерге шұғыл жеткізу.

Бұл өзекті мәселелер бойынша осы жаттығуда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Жаксылыков Руслан Фатихович қатысты.

Қорғаныс Министріне біздің институттың әскермен белсенді іс-әрекеттері өте ұнады. Институт базасынан әскери кафедра ашуға, әскери IT саласының мамандарын даярлау, Дрондарды әскерде қолдану мамандарын дайындау, әскери командирлерді оқыту шаралары қолға алынатын болды.

Жаттығу кезінде біздің Дроншылардың әуе барлау жұмыстары, минометтерді , артиллерияны, танк, БМП оқтарын шұғыл бағыттауы барлық әскер басшыларына ұнады. Бұл қарым қатынасты біздің оқу орнымен нығайту керек деді қорғаныс министрі.

Бұл іс-шара бұрын соңды әскерде де, Бүкіл Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында да болмаған жоба.