Ашық лекция
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы және Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Тәрбие бөлімі және жастар саясаты" департаментінің ұйымдастыруымен "Ашық лекция " жобасы аясында 7 қыркүйек күні Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ-да "AULIEATA-MEDIA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Дәуіт Оралхан Әбдірашұлы белсенді студенттерге дәріс оқыды.
Кездесуде Оралхан Әбдірашұлы жастарға журналистика саласының қыр-сыры туралы баяндап, жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.
Кездесу соңында Оралхан мырза жастарға өзінің кітабын сыйлап, сәттілік тіледі.