COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу

7 қыркүйек күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Экономика және бизнес» факультетінің білімгерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Шарипов Руслан Шамелұлының қатысуымен «Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу туралы» мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті Жолдауын насихаттау аясында өткен кездесуге қатысты.

Кездесу барысында "Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы №141 Жарлығымен Президенттік жастар кадр резерві жобасы туралы ақпарат берілді.

Аталған жоба алғашқы іріктеу кезеңі 2019 жылы, екінші іріктеу 2021 жылы ұйымдастырылып өткізілді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу кезеңі басталатыны хабарланды.

Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмаларды орындау кезінде, еліміздің болашағын жаңғырту, кәсіби аппарат қалыптастыру мен мемлекеттік қызметтің оң имиджін көтеру жолында дарынды әрі білімді жастардың қоғам өміріне белсене араласуы, жастардың бойындағы ұлтжандылық рухтың болуы өте маңызды.