COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Құрметті әріптестер мен студенттер!

Құрметті әріптестер мен студенттер!

Баршаңызды бүгінгі Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әр адам баласы үшін отбасыдан киелі ештеңе жоқ. Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өніп-өсетін қасиетті алтын бесігі.

Отбасы – шағын мемлекет. Отбасымызда, Отанымызда береке мен бейбіт күн болсын! Қай заманда да берік отбасылық құндылықтар арқылы ғана мемлекеттің іргесі мығым, ғұмыры мәңгі болады.

Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке тілеймін!

Ізгі тілекпен, ХТИИ ректоры Марат Баяндин