Құқықбұзушылықтың алдын алу
Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Шығармашылық мамандықтар" факультетінің 1 курс студенттері арасында «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Тараз қаласы әкімдігі, Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ –нің директорының орынбасары Каленова Ұлжан, жастар ісі жөніндегі құқықбұзушылыққа қарсы бағыттағы маман Ерасыл Усенбек, Тараз қаласы Полиция Бөлімі, 1ПБ ЖПКб аға инспекторы, полиция майоры Зәбір Баян Тасболатқызы, полиция майоры Халматов Фарух Абдимуталыұлы, полиция капитаны Н.Асилова қатысты.
Шара барысында студент жастарға департаменттің атқарып жатқан жұмыстары туралы, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары туралы, қылмысқа тартылғандардың статистикасы т.б. көптеген мәліметтер беріліп, сұрақ-жауап форматында маңызды мағлұматтар берілді.