Шерхан Мұртаза – тәуелсіз еліміздің көрнекті тұлғасы
Зау тұлға Шерхан Мұртаза есімін иеленген жоғары оқу орнындағы жаңа оқу жылының алғашқы аптасы Халық жазушының шығармашылық мұрасына арналғандығын жазған болатынбыз.
«Шерхан Мұртаза – тәуелсіз еліміздің көрнекті тұлғасы» атты апталық барысында «Заң» факультетінің 1-курс студенттеріне ХТИИ ректорының кеңесшісі Аскар Абдуалы дәріс оқыды.
Таңдауы Шерхан институтына түскен студенттерге кесек тұлға, кенен дарын шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасы, адамдық болмысы туралы жан-жақты баяндалды.
«Тәуелсіздік – тарихтан жеткен ұлы сый» деп туған халқы мен мемлекетінің жоғын жоқтап, ұлттық құндылықтарымыздың шын жанашыры болған Шерхан Мұртазадай ұлы тұлға шығармашылығын насихаттау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттерді тарту, білікті маман ретінде қалыптасуында тұлғатанудың мән-маңызын ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған апталық жалғасатын болады.
Болашақта ректор дәрістері оқытылып, жұлдызы нұрлы суреткер, дарынды драматург, ойшыл, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза шығармашылығы - әрбір адамның рухани мектебі, тәрбие арнасы екені даусыз.