COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Рухани көсемге айналған Шерхан Мұртазаның туған күні

Рухани көсемге айналған Шерхан Мұртазаның туған күні

Бүгін қазақ орманының жолбарысы, қаламгерліктің қызыл жебесі, ұлт ұстыны, рухани көсемге айналған Шерхан Мұртазаның туған күні.

Бес кітаптан тұратын эпопея жазып, бес бірдей редакцияны басқарған қазақта тұлға болған жоқ.

Кеңестің жүйенің сұрқай саясатынан сескенбей, биік мінберлерден тайсалмай сөйлеп, елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған да Шерхан аға Мұртаза еді.

Асқаралы Алатау мен Қазыналы Қаратаудың қара маржаны, күллі қазақтың Шерханның есімі ешуақытта ұмытылмақ емес.

Есімін иеленіп отырған оқу ордамыздың студент-жастарының да Шерхан Мұртаза сияқты ойы озық, санасы сергек, рухы биік болғай!

Сонымен қатар бүгін Қазақ әдебиетінің классиктері М.Әуезов пен О.Бөкейдің де туған күні.