COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Шыңдағы шынар - Шерхан

Шыңдағы шынар - Шерхан

Бүгін Ш.Мұртазаның 91 жылдығына орай Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты әкімшілігінің қолдауымен бір топ жалындаған жастар мен белсенді студенттер Шерхан Мұртазаның туған жері Талапты ауылында өзінің үйі болған, қазіргі таңда мемориалдық мұражайға айналған кешенге саяхат жасады.

Шерхан Мұртазаның жеке заттары мен көзінің тірісінде пайдаланған бұйымдары, жеке кітапханасы, жұмыс столы т.б. танысқан студенттер ерекше әсерге бөленді.

"Шыңдағы шынар - Шерхан" тақырыбында жазылған үздік пост байқауының жеңімпаздары да арнайы осы жерде марапатталып, оларға институттың мерч өнімдері табысталды. Жастар күй тартып, Ш.Мұртазаға арнау өлеңдерін оқып, Шераға рухына тағзым етіп, құран бағыштады.