COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Шерхан Мұртаза 91 жаста!

Шерхан Мұртаза 91 жаста!

Бүгін қазақ орманының жолбарысы, қаламгерліктің қызыл жебесі, ұлт ұстыны, рухан көсемге айналған Шерхан Мұртазаның туылған күні.

Осыған орай Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар, қала қонақтары мен тұрғындары, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Шерхан Мұртазаның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

"Тұлғалар алаңы" жобасы аясында ашық лекция, Ш.Мұртазаның туған жері Талапты ауылындағы мемориалдық мұражайына саяхат ұйымдастырылды.

Бес кітаптан тұратын эпопея жазып, бес бірдей редакцияны басқарған қазақта тұлға болған жоқ.

Есімін иеленіп отырған оқу ордамыздың студент-жастарының да Шерхан Мұртаза сияқты ойы озық, санасы сергек, рухы биік болғай!