COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Сапа менеджмент жүйесі

Сапа менеджмент жүйесі

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында ішкі және сыртқы сапаны қамтамасыз етуші «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасы «жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулығы» (ESG) және ҚР БжҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы (өзгерістерімен қоса 02.08.2023ж) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы № 595 бұйрығының 34-ші пункті аясында қызметін жүйелі жүргізіп келеді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасына 2023-2024 оқу жылында ішкі құжаттарды үйлестіру, өзектендіру және жүйелендіру мақсатында Сапа менеджмент жүйесін енгізу (СМЖ) туралы міндет қойылды. Басқарма берілген міндетті іске асырмас бұрын, ПОҚ-ы мен қызметкерлер арасында СМЖ туралы маңызды сұрақтар аясында сауалнама (анонимді) жүргізді. Мысалы, Сапа менеджмент жүйесін дамыту және жетілдіру үшін қандай іс-шараларды қабылдау керек деп санайсыз деген сауалға қатысушылардың 50,8%–ы семинар өткізілуі тиіс деп жауап берді. Сауалнамаға қатысушылардың ұсынысын қанағаттандыру мақсатында кафедра, факультет және құрылымдық бөлімдер бойынша СМЖ-не жауапты менеджерлердің қатысуымен семинар өткізілді. «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының бас маманы Б.Ж.Искакова СМЖ-н енгізуге әзірлеген нұсқаулығына сүйене отыра, ішкі құжаттарды үйлестіру, жүйелік реттеу және бекітуге әзірлеу бойынша жалпы ақпарат беріп, сұрақтарға толық жауап берді.

Сапа менеджмент жүйесі институтта сапаның жалпы басшылығын жүзеге асыруға қажетті ұйымдастырушылық құрылымдар, әдістемелер мен ресурстар жиынтығы болып табылатындықтан өзектендіру, жандандыру және бақылау бойынша негізгі жұмыстарды іске асыру ағымдағы жылдың жоспарына енгізілді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Ботагоз Калдыбековна