COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол

Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол

«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деп өсиет еткен қазақ қашанда қарттарын қадірлеп өскен ұлт. Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.

Қарттар күніне орай ардагер ұстаздар мен қызметкерлерге арнайы дастархан жайылып, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты президенті Нуржан Муслимов құттықтау сөз сөйлеп, ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтармен марапаттады.