Жаңа қоғамға - жаңа адамдар!
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты Жастар саясаты және тәрбие жұмысы басқармасы мен Заң клиникасының ұйымдастыруымен жастар арасында лудоманияға, суицидке және синтетикалық есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл аясында "Жаңа қоғамға - жаңа адамдар" тақырыбымен онкүндіктің ашылуы өтті.
Шараға қатысушылар: Жамбыл облысы, Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, ЖОПБ кинологиялық қызметі, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы"КММ, Садыхан облыстық консультациялық-диагностикалық медициналық орталығы" ЖШС.
Онкүндіктің ашылуында Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Гульшат Камбарбековна шараның мақсаты мен міндеттерін, жоспарланған іс-шаралар туралы, бағдарлама барысымен таныстырды.
"Лудомания: тәуелділіктен құтылу жолдары" тақырыбында Тараз қаласы, Жастар ресурстық орталығының психологы Әбдісаттар Ғалия Сағатқызы, дәрігер Абдувалиева Дильноза Хайдарбековна баяндама жасады.