COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздарымен кездесу өтті

Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздарымен кездесу өтті

Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты вице-президенті Махметғали Сарыбеков Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мемлекет Басшысының биылғы Жолдауында және Республикалық педагогтер съезінде білім мен ғылым саласына байланысты айтылған мәселелер жан-жақты талқыланды:

Оқушыларға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру.
Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру.
Ұстаздың біліктілігін арттыру.
Балалардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғау.
Жаңа қоғамдық этиканы орнату.
Жастар тәрбиесінде отбасының жауапкершілігін күшейту.

Бір қуантатын жағдай – мектеп ұстаздары арасында жаңаша ойлайтын, жаңа идеяларды ұсынатын, заманауи технологияларды пайдалана алатын әріптестеріміздің бары.