COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Жапырақтың морфологиялық құрылысы

Жапырақтың морфологиялық құрылысы

24.11.2023 ж. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Жаратылыстану» факультетіне қарасты, «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасының аға оқытушылары Ходжаниязова Жанар Тогабаевна мен Таңсықбай Жансая Рахатқызы, «Ботаника» пәнінен, «Жапырақтың морфологиялық құрылысы» тақырыбында Агр-23-1, ӨҚК-23-1, АгрЭко-23-1 топтарына факультет деңгейінде ашық сабақ (бинарлы) өтті.

Сабақтың мақсаты: Жапырақтың морфологиялық құрылысымен толық танысып, ерекшеліктерін анықтау.

Ашық сабақты оқытушылар өткен сабақты еске алу мақсатында студенттерге сұрақтар қоюмен бастады. Жаңа сабақ барысында оқытушылар презентация, гербарий, микроскоп қолданды.

Ашық сабаққа «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы Искакова Б.Ж., «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасының профессор оқытушылары: Айтекова К.У., Косбакова Г.Д., сондай-ақ факультет аралық «Ішкі сапаны қамтамасыз ету» бойынша комиссия төрағасы «Стандарттау және ветеринария» кафедрасының т.ғ.к. Шымыр Ж.А. қатысып, пәннің оқу-әдістемелік жабдықталуын, оқытушылардың сабақ барысында инновациялық тәсілдер қолдануын бағалады.